Ресми JAC дилері. Жаңа автокөліктерді сату және қызмет

Қаз Рус
Компания туралы

Компания туралы

JAC Motors компаниясы (толық атауы — Anhui Jianghuai Automobile Co., Ltd) 1964 жылы құрылған "Цзянхуай" автозауытының (Hefei Jianghuai Automobile Factory, Хэфей провинциясы) іргесінде 1999 жылы 30 қыркүйекте пайда болды.

JAC Motors – бұл тәуелсіз бренд ретінде автомобильдердің толық гаммасын (жеңіл, орташа және ауыр жүк көліктері, минивэн, жеңіл автомобильдер, электромобильдер, автобустар), арнайы шассилер, жүк тиегіштер және техниканың басқа да түрлерін, сондай-ақ автомобильдерге арналған беріліс қораптарын, қозғалтқыштар, автобөлшектер, автоагрегаттар шығаратын кешенді кәсіпорын. JAC компаниясының 50 жылдық даму тәжірибесі бір жылдағы толық өндіріс циклының қуатын 1 миллион автомобиль бірлігінен асыруға мүмкіндік берді.

JAC Motors

Хэфейдегі аса ірі ғылыми-зерттеу орталығынан басқа, 2005 жылы компания Туринде (Италия) алғашқы шетелдік тәжірибе орталығын құрды, ал 2006 жылдың қазан айында Токиода (Жапония) екінші шетелдік ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы болып өтті. Бүгінгі таңда JAC Motors өз өнімдерін Оңтүстік Америкаға, Еуропаға, Африкаға және Азияға экспорттайды, 120-дан астам елмен достық қарым-қатынас орнатты. Компания сондай-ақ Қазақстанда, Мексикада және әлемнің басқа елдерінде 19 халықаралық өнеркәсіптік базасын ашты.

Хэфейдегі аса ірі ғылыми-зерттеу орталығынан басқа

Біздің миссиямыз және құндылықтарымыз

Ойлан және жаса! Бұл JAC брендінің автокөлік жасауға деген саналы көзқарасын көрсететін ауқымды жоспары. "Жасампаз бол" - бұл JAC Motors іскерлік рухының, алып күшінің және прагматикалық имиджінің көрінісі. JAC тәуелсіз зерттеулер мен әзірлемелерді талап ете отырып, саланы өзгертуге мүмкіндік береді.

Практикалық әдептен озбау, білімге ұмтылуды тоқтатпау, жаңашылдықпен және батылдықпен алға жүру, ашықтық пен үйлесімділікті сақтау, клиентке бет бұру және барлық бағыттардағы қарым-қатынастарды тең ұстану.

Біздің миссиямыз және құндылықтарымыз

Қазақстандағы дилерлер

Қазақстандағы дилерлер

Сыйлықтар мен марапаттар

Экспортқа ұсынылған бренд
Экспортқа ұсынылған бренд

"Экспортқа ұсынылған бренд" марапаты қытайлық экспорттық тауарлар үшін сапа паспорты іспеттес. Бұл сертификат кәсіпорынның халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа басқару жүйесінің бар екенін ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өнімді экспорттауға рұқсат алғанын растайды.

Ұлттық сапа белгісі
Ұлттық сапа белгісі

Қытай сапа сыйлығы өнім сапасы үшін берілетін ең жоғары мемлекеттік марапат болып табылады. JAC Motors компаниясы осы марапатқа ие болған алғашқы ұлттық автоөндіруші компания болып табылады.

Пайда
Қолайлы шарттар