- Басты бет
- JAC рейтингтерді жаулап алуда!
27 шілде, 2022, 00:57
JAC рейтингтерді жаулап алуда!

JAC автомобиль бренді қазақстандық нарықта өзін танытты және сатылымдар көлемі мен қытайлық автомобиль брендтері арасында танымалдылығы жөнінен көшбасшылық орнынан таймай келеді.
JAC Қазақстанда 8 жыл бұрын пайда болды және осы уақыт ішінде қытайлық басқа брендтермен салыстырғанда, нарықтан ығысқан емес. Клиенттердің алдындағы кепілді, техникалық қызмет көрсету және қосалқы бөлшектерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін нық орындап келеді. Бұл өз кезегінде клиенттердің JAC брендіне деген адалдығы мен сеніміне оң әсер етті.
Қазақстан Автобизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ең көп сатылатын автомобиль брендтері рейтингінде JAC Toyota-дан кейін 6-орынды және қытайлық автомобиль брендтері арасында 1-орынды иеленді. 1300-ге жуық автомобиль сатылды.
Маусым айының қорытындысы бойынша JAC T6 бәсекелестер арасында ең көп сатылған көлік атанып, пикаптар арасында сатылымы жөнінен 1-орыннан табылды.
JAC брендінің дилерлік желісіне Қазақстанның 17 қаласындағы 22 автосалон кіреді: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Орал, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Талдықорған, Екібастұз.
Модельдердің ауқымды ассортименті келесідей: рестайлингтік және технологиялық J7 лифтбек, қалалық және қолжетімді S3 кроссовері, ыңғайлы және қолайлы S5 кроссовері, флагмандық S7 кроссовері, сенімді Т6 рамалық пикап.
Сегменттегі оңтайлы бағаларының, сенімділігі мен технологиялық сипатының арқасында JAC бренді рейтинг шыңдарын бағындырып, өз жанкүйерлерін жақында сатылымға шығатын жаңа модельдермен қуантуды жалғастыруда.