- Басты бет
- JAC T6 – Қазақстандағы ең көп сатылатын пикап!
29 шілде, 2022, 04:07
JAC T6 – Қазақстандағы ең көп сатылатын пикап!

JAC автомобиль бренді лифтбэктер мен кроссоверлер сегменті рейтингтеріне өрмелеп қана қойған жоқ. JAC T6 пикап суырылып алға шығып, елдегі пикаптар арасында сатылымы жөнінен №1 атанды, ал қытайлық брендтер арасында JAC T6 –көш бастап тұрған жүйрік.
Қазақстан Автобизнес Қауымдастығы (ҚАБҚ) 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық нарықта 656 пикап сатылғанын хабарлады. 284 автомобильдік әсерлі көрсеткішпенJAC T6 ең көп сатылатын пикаптардың рейтингісіне кіріп, осылайша бірінші жартыжылдықта тамаша нәтиже көрсетті.
Өзінің сенімділігі мен технологиялық мінсіздігінің арқасында JAC T6 пикап 4 жыл бойы көшбасшылық тізгінін босатпай келеді және жыл сайын қазақстандықтар арасында танымал бола түсуде.
JAC T6– бұл сенімділікті, практикалық қолайлылықты және техникалық мазмұнның толықтығын біріктіре білген орташа өлшемді рамалық пикап.
T6 табиғаттың кез-келген тарпаң мінезіне қасқайып қарсы тұра алатынын байқатады: таулар, құмтастар, өзендер оның жолына тоқтау бола алмайды. Пикаптың жанкүйерлері салонның көркем сапасы мен жайлылығына таң қалары сөзсіз. Былғары қаптама, артқы көрініс камерасы, 7" сенсорлық экраны бар мультимедиа – мұндай жағдайда кез-келген сапар ұмытылмастай болады! Ал көлемі 2800 литр және жүк көтергіштігі 900 кг болатын жүк орналастыру бөлігінің арқасында JAC Т6 кез-келген ауыр жұмысқа дайын сенімді көмекшіңізге айналады.
Пәрменді пикаптан басқа, JAC бренді келесі модельдердің мол ассортиментін ұсынады: жаңартылған және технологиялық J7 лифтбек, қалалық және қолжетімді S3 кроссовері, ыңғайлы және практикалық S5 кроссовері, стильді S7 кроссовері.
Жаңалықтар мен жаңартылған ақпаратты jac-motors.kz сайтынан және Instagram @jac.qazaqstan парақшасынан қарап отырыңыз